Павлодарда атыс болып, бір адам жарақаттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда атыс болып, бір адам жарақаттанды

10.01.2017
Павлодарда атыс болып, бір адам жарақаттанды

Алдын ала мәліметке қарағанда, кеше кешкісін болған оқиға орнында бірнеше адам болған. Куәгерлердің айтуынша, олар алдымен бір-бірімен сөзге келіп қалған. Кейін жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Ал, атыстан кейін барлығы көліктеріне отырып, дереу із суытқан.

Араға бір сағат салып 33 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Павлодар қаласының азаматы ауруханаға түсті. Бірнеше жерден жарақат алған.

Қазір күдіктілерді ұстау мақсатында арнайы операция жүріп жатыр.

Болат АМАНБАЙ

Хабарламаларға жазылу