«Менің туым, менің Отаным!» акциясы көпшіліктің қолдауына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің туым, менің Отаным!» акциясы көпшіліктің қолдауына ие болды

15.12.2020

Елімізде бастау алған «Менің туым, менің Отаным!» акциясы көпшіліктің қолдауына ие болуда. Мәселен, теріскей жұртшылығы көпқабатты үйлердің балкондарына мемлекеттік туды іліп, қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.  

Қазан айында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тудың қолданыс аясын кеңейту керектігін айтқан. Енді, Үкіметтің жаңа қаулысына сай, жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімін білдіру үшін туды ғимаратта, пәтер балконына және мерекелік іс-шара өтетін жерлерде ілуге болады.  

Сағындық Сәбитұлы 


Хабарламаларға жазылу