Шахандағы құлаған үй бойынша Қазақстанның көпсалалы жаңарту және дамыту институты сараптама нәтижесін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахандағы құлаған үй бойынша Қазақстанның көпсалалы жаңарту және дамыту институты сараптама нәтижесін жариялады

06.01.2017
Шахандағы құлаған үй бойынша Қазақстанның көпсалалы жаңарту және дамыту институты сараптама нәтижесін жариялады

Қарағанды облысының Шахан кентінде дербес қазандықтың жарылуынан зақымданған көпқабатты үйдің жарамдылығына қатысты Қазақстанның көпсалалы жаңарту және дамыту институты сараптама қорытындысын шығарды.

Кенттегі 3-ші ықшам аудандағы 4-ші үйдің бүгінгі күні үш подъезі сол күйі сақталған. Ал, апаттан зақымданған 4-ші подъездегі үш бөлмелі 5 пәтер мүлде жарамсыз болып қалған.

Қазір құрылысшылар қауіпті тұрған бетондарды бұзып жатыр. Осы подъездің сол жақ қапталындағы 1 және 2 бөлмелі пәтерлер тұруға келеді. Аздап сыртқы қабырғаға және сатыға жөндеу жұмыстары керек.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу