Партиялардың теледебаты 30 желтоқсанда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялардың теледебаты 30 желтоқсанда өтеді

15.12.2020

Сайлауға қатысатын партия өкілдерінің пікірсайысы 30 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Телевизиялық форматтағы дебат «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Пікірталасқа 80 минут бөлінген. Дебат 3 турдан тұрады. Әр партияның өкіліне бірдей уақыт берілмек. Пікірсайысқа кімдердің қатысатыны да белгілі болды.

Анастасия Щегорцова, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
«Адал» саяси партиясынан Жұмағазиев Елдар Тынышпайұлы - Партия хатшысы, саяси кеңес мүшесі. «Ақ жол» партиясынан Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - партия төрағасы. «Ауыл» ХДП Бектаев Әли - партия төрағасы. Қазақстан халық партиясынан Айдын Қоңыров - партия төрағасы. «Nur Otan» партиясынан Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы - Төрағаның бірінші орынбасары.

 Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беретін жерін ауыстырғысы келетіндерге қойылатын талаптарды айтты. Ол үшін сайлаушылар 26 желтоқсаннан бастап 9 қаңтарға дейін есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

Амангелді Сейітхан

сайлау Мәжіліс партия

Хабарламаларға жазылу