Сарапшылар: Алдағы сайлау – саяси модернизацияның көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Алдағы сайлау – саяси модернизацияның көрінісі

14.12.2020

Алдағы сайлау – саяси модернизацияның көрінісі. Сарапшылар осылай дейді. Өйткені, биылғы сайлаудың бұрынғыдан ерекшелігі көп. Біріншіден, сайлау өзінің конституцияық мерзімінде өтіп отыр. Екіншіден, заң шығару институттарының тарихында алғаш рет «Парламенттік оппозиция» ұғымы енгізілді. Бұл Мәжілістегі пікірлер плюрализмін дамытудың негізі болмақ. Ал, ең бастысы, қазір партиялық алаңның эволюциясы байқалады. Яғни, саяси партиялардың белсенділігі артқан.   

Андрей Чеботарёв, сарапшы: 
-Үгіт-насихат жұмыстары енді ғана басталды. Партиялар әлеуметтік желілерде белсенді. Барлығының бағдарламалары сайттарына жүктелген. Тіпті, партиялар арасында онлайн форматта дебаттар өтіп жатқанын да байқадық.

Амангелді Сейітхан 


Хабарламаларға жазылу