Солтүстік Қазақстан облысы мен Көкшетауда карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақтан» шықты.
Петропавлда блок-бекеттер алынды. Енді тұрғындар еш анықтамсыз кіріп-шыға алады. Облыс орталығында 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері де жұмысын тоқтатпайтын болды.
Көкшетауда да шектеу шаралары жеңілдеді. Дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күндері сауда орындары мен шаштараз, фитнес-орталықтардың жұмысына рұқсат берілді. Қалааралық автобустар да қатынай бермек.
Ақниет Балтанова