Лондон мен Брюссель сауда жайлы келіссөздерді әрі қарай жалғастырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон мен Брюссель сауда жайлы келіссөздерді әрі қарай жалғастырмақ

14.12.2020

Еуропа одағы мен Ұлыбритания өздерінің болашақ экономикалық қатынастары туралы келісім жасай алмай отыр. Соның салдарынан Біріккен Корольдік одақтан ешқандай пәтуасыз кетеді деген қауіп бар. Мұны премьер-министр Борис Джонсон ескертті. 

Алайда, тараптар келіссөздерді әрі қарай жалғастыруға уағдаласты. Кездесу бүгін қайта басталады.

Брюссельдің ойынша, келешектегі сауда байланыстарында Ұлыбританияға одақта қалған өзге елдермен салыстырғанда артықшылықтар берілмеуі керек. Бірақ Джонсонның пікірінше, Британия судағы территориясына кімді кіргізетінін және өзінің ішкі экономикалық мәселелерін өзі шешуі керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу