Петропавлда блок-бекеттер алынып, шектеу шаралары жеңілдетілді. Енді қалаға тұрғындар еш анықтамсыз кіріп-шыға алады. Сондай-ақ облыс орталығында 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істей бермек.
Көкшетауда да карантиндік шектеулер жеңілдеді. Дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, сенбі күндері сауда орындары мен шаштараз, фитнес-орталықтардың жұмысына рұқсат берілді. Қалааралық автобустар да қатынай бермек. Сондай-ақ, бүгіннен бастап Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақтан» шықты.
Сағындық Сәбитұлы