Шетелдік журналистерге Қазақстанның әлеуеті таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік журналистерге Қазақстанның әлеуеті таныстырылды

14.12.2020

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Түркиялық баспасөз құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Ірі ақпарат құралдарының басшылары мен тілшілеріне Қазақстанның қазіргісі мен өткені туралы жан-жақты мағұлмат берді. Шетелдік журналистерді әсіресе пандемия кезіндегі елдің жағдайы мен алдағы сайлауға дайындық жайы көбірек қызықтырды. Тілшілердің сұрақтарына жауап берген елші сондай-ақ, қазақ еліне инвестиция құю мүмкіндіктері мен Абай жылы аясында атқарылған іс-шараларға да тоқталды. 

Куршад Зорлу, саясаттанушы, жазушы:
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында саяси-экономикалық бағытта, сыртқы саясатта, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста әрдайым маңызды қадамдар жасап келеді. Соның бірін ғана айтар болсақ – ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы. 

Дидем Өзел Түмер, «Миллиет» газетінің Анкарадағы бөлімінің басшысы:
Қазақстан мен Түркияның тәуелсіздік үшін күресі мен жүріп өткен жолдары ұқсас. Бұл бауырлас екі елді жақындастыратын ұқсастық. Екі ел де тәуелсіздік ұғымының қаншалықты терең екенін жақсы біледі. 1992 жылы басталған дипломатиялық байланыс жыл өткен сайын нығайып келеді. 

Айдос Әшім

Тәуелсіздік күні Түркия

Хабарламаларға жазылу