Жеңіс Қасымбек Топардағы оқиғадан кейін аймақтағы жылу электр станцияларын қайта тексеруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Қасымбек Топардағы оқиғадан кейін аймақтағы жылу электр станцияларын қайта тексеруді тапсырды

14.12.2020
Жеңіс Қасымбек Топардағы оқиғадан кейін аймақтағы  жылу электр станцияларын қайта тексеруді тапсырды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Топардағы МАЭС-2 оқиғасынан кейін барлық жылу және энергия көздерінің жай-күйін қайта тексеруді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Энергетикалық қадағалау департаментіне облыстағы барлық жылу электр станцияларына қайта тексеру жүргізуді тапсырамын», - деді өңір басшысы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Абай ауданында «Каzakhmys Еnеrgу» ЖШС Топар-2 МАЭС-де № 14 қазандықтың бу құбыры жарылған еді. Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам күйікпен ауруханаға түсті.

Оқиға Абай қаласы мен Топар кентін жылумен және электрмен жабдықтауға әсер еткен жоқ. Станцияда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептерін тексерумен жұмыс комиссиясы айналысады, ол 10 күндік мерзімде қорытынды беруі керек.

Абай ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта зардап шеккендердің бірі үйіне шықты, екеуі ауруханада емделіп жатыр. 

Жеңіс Қасымбек Абай ауданының әкіміне МАЭС басшылығымен бірге қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу