Тамаққа көп ақша жұмсайтын елдердің рейтингісі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамаққа көп ақша жұмсайтын елдердің рейтингісі жарияланды

14.12.2020
Тамаққа көп ақша жұмсайтын елдердің рейтингісі жарияланды

«РИА Новости» агенттігінің сарапшылары Еуропа елдерінің тұрғындары тамаққа қанша ақша жұмсайтынына зерттеу жүргізді. Мамандар мәліметінше, Люксембург тұрғындары тамаққа ең аз ақша жұмсайды екен. Азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындардың үлесі бұл елде 8,4%-ды құрайды. Ал Қазақстан рейтингіде ең соңында орналасқан. Қазақстандықтардың отбасылық бюджетінің басым бөлігі (49,4%) тамақ алуға кететіні анықталды.

Екінші орында Нидерланд, бұл көрсеткіш оларда - 10,6%, ал үшінші орында 10,6%-бен Ұлыбритания тұр. Ирландия (11,5%), Германия (11,7%), Финляндия (11,7%), Австрия (11,8%), Норвегия (11,8%), Дания (12,1%) мен Швейцария (12,1%) азық-түлік сатып алуға аз ақша жұмсайтын ТОП-10 елдің қатарында.

Рейтинг Еуропа елдерінің үй шаруашылығы бюджеті туралы ресми мәліметтер негізінде жасалған.

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР

Еуропалықтардың алкоголь мен темекі өнімдеріне қанша ақша жұмсайтыны анықталды. Люксембург, Германия, Португалия, Кипр және Испания бұл тауарларға шығындардың ең аз үлесіне ие. Бұл елдерде тұрғындардың алкоголь мен темекіге деген шығындары 1,7% -дан аспайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш - 2,4%. Ал зиянды әдеттерге жұмсалатын шығындардың ең көп үлесі Румынияға (8,2%), Болгарияға (5,1%) және Сербияға (4,8%) тиесілі.

Қонақүйлер мен қоғамдық тамақтануға бөлетін шығындар бойынша Грекия көш басында. Отбасы бюджетінің 11,1%-ын жұмсайды. Екінші орында Швейцария - 11%. Еліміздің көрсеткіші - 2,9%.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, мәдениет пен демалуға ең көп ақша жұмсайтындар Швеция (18,7%), Ұлыбритания (13,1%) мен Австрияда (11,5%) тұрады. Қазақстанда бұл көрсеткіш — 1,7 %.

статистика

Хабарламаларға жазылу