Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті

13.12.2020

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Президент Әлеуметтік кодекс, «Цифрлық Қазақстан» сияқты іргелі бағдарламалардың әзірленуіне, сонымен бірге сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселесіне тоқталды. Судьялар корпусы мен құқық қорғау органдарындағы біліктілік туралы тағы айтты.  

Судьялар демекші, қарашаның соңында Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітов Президенттің Жарлығымен қызметінен алынғанын айта кетейік.

Мамыр айында саунада түсірілген бір бейнежазба тараған. Видеоролик авторы төтенше жағдай кезінде аудандық прокурор мен аудандық сот судьясы демалып жүргенін айтқан. Артынша Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев қызметінен алынған. Ал Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов айтып тұрған Сейітовтің өкілеттігін тоқтатқан еді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысынан Нысаналы Ығылдың материалы.


Реформа жоғары кеңес

Хабарламаларға жазылу