ҰКП: Тауар экспорттаушылар Қытай нарығынан қағылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰКП: Тауар экспорттаушылар Қытай нарығынан қағылуы мүмкін

11.12.2020

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақ-қытай шекарасындағы жағдайдың ушығуына алаңдаулы. Еліміздің экспорттаушылары тауарын шекарадан өткізе алмай ұзын-сонар кезекте тұрғанына бірнеше айдың жүзі болды. Себеп – коронавирус. Көрші ел індетке байланысты шектеуді тағы күшейтіп, тәулігіне небәрі 20 жүк көлігі мен 500 вагонның кіруіне рұқсат беріп отыр.

Салдарынан шекарада жүздеген көлік пен 12 мыңнан астам вагон кезегін күтіп тұр. Кәсіпкерлер палатасы бұл сауда-саттыққа кері әсер етіп, тіпті Қытайдағы кейбір тапсырыс берушілер тауардан бас тартып жатыр дейді. Осылай жалғасса экспорттаушылар нарықтан қағылады дейді. Ал мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге шыдамдылық танытып, шекарадан электронды кезек арқылы өтуге шақырып отыр.  

Досжан Маратұлы


ҰКП Атамекен Қытай нарығы

Хабарламаларға жазылу