Қазақстанда антисептик бағасы 33, антибиотиктер 10 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда антисептик бағасы 33, антибиотиктер 10 пайызға қымбаттаған

11.12.2020

Елімізде антисептик бағасы жыл басынан бері 33%-ға, ыстық түсіретін дәрілер 16%-ға, антибиотиктер 10%-ға қымбаттаған. Ал жалпы фармацевтика тауарларының бағасы 40%-ға артты. 

Биыл негізгі дәрі-дәрмектер 109 млрд теңгеге өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Ал қосалқы дәрі-дәрмек өндіруге 6,5 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ шетелден 23 тонна дәрі кіргізілді. Қазақстанға фармацевтикалық өнімдер Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қытай, Индия, Германия елдерінен экспортталады. 

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу