Шымкент қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
«Жалпы республикалық «Стоп-игра» жедел іс-шараcы барысында «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастырған азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен ұйымдастырушы ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Тәркіленіп алынған айғақты заттар (3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.