10 желтоқсан – Қазақстан астанасының ресми ауысқан күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 желтоқсан – Қазақстан астанасының ресми ауысқан күні

10.12.2020

Бүгін Қазақстан астанасы ресми түрде Алматыдан Арқаға көшкен күн. 1997 жылдың 10 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елорда елдің бас қаласы болып жарияланды.  

Алматыдан Сарыарқа төріне ауған халық алда үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын күмәнмен қарағаны рас. Бірақ 23 жылдың ішінде қаланың инфрақұрылымы түбегейлі өзгерді. Білікті архитекторлар мен мыңдаған құрылысшылардың еселі еңбегінің нәтижесінде Астанамыз сәні мен сәулеті келіскен алып шаһарға айналды. Қала тек әкімшілік емес, іскерлік, мәдени, спорт тіпті туристік орталыққа айналып үлгерді. Елбасының елорданы ауыстыру туралы тарихи шешімі Қазақстанның қайта түлеуіне серпін берді. Үлкен өзгерістерге жол ашты. Бүгінде бас қаланың тұрғындар саны 1 млн-нан асады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу