Бүгін партиялардың үгіт-насихат жұмыстарын басталды. Әр саяси ұйым сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстырып жатыр.
216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай беделді азаматы жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.
Сонымен, тек республикалық сайлауалды штаб аясында ғана 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізіледі. Облыстарда, қалалар мен аудандарда барлық 6,4 мың кандидат сайлаушылармен кездеседі. Жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.
Бүгін Nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.
«Ауылды қолдайтын кез келді!». Дәл осындай ұранмен бүгін «Ауыл» партиясы ресми түрде сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Салтанатты жиынға Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттар мен 17 өңірлік штабтың қызметкерлері бейнеконференция арқылы қатысты. Жиында сөз сөйлеген ұйымның төрағасы Әли Бектаев партияның ұстанымын жіті баяндады. Сондай-ақ, өткір мәселелерді шешуге арналған елуге жуық нақты қадамдардың бар екеніне тоқталды. Жалпы биыл ауылдықтардың арқалаған аманаты көп. Осыған дейін, партия мүшелері «Ел аманаты» деп аталатын жалпыұлттық сауалнама өткізгені белгілі. Халықтың пікірін ескере отырып, партия мүшелері соның ең негізгі дегендерін іріктеп алды. Тізімде әлеуметті әуреге салған мәселелер қамтылған.
Айта кетейік, саяси ұйымның партиялық тізімі бойынша, 625 адам депутаттыққа үміткер ретінде ресми түрде тіркелді. Оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісінде -19, облыстар мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – 98, облыстық маңызы бар аудандық және қалалық аймақтарда – 508 адам бар. Үгіт-насихат науқаны 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада және 17 өңірлік штабта өз жұмысын бастады.
Ақмола вагон жөндеу зауытының 75 жылдық тарихы бар. Осы аралықта жүздеген мың вагонды жөндеп, көлік-логистика саласына серпін беріп келеді. Қазіргі жағдайда, яғни, қауіпті вирус өршіген уақытта, дәл осындай кәсіпорындар жұмысы тұралап қалмау керек дейді «Ақжол» партиясының төрағасы.
«Ақжол» партиясы алдағы бір ай көлемінде еліміздің барлық аймақтарында арнайы шаралар өткізіп, осындай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбек.