Елде қарашада тұрғын үйге сұраныс 9%-ке азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, небәрі 29 мыңнан аса сатып алу келісімшарты жасалған. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облысында тұрғын үй саудасы төмендеді.
Елордада баспанаға сұраныс 11%-ке азайған. Сарапшылар сұраныс төмендеуіне үй бағасының қымбаттауы себеп дейді. Нарықтағы баға бір айда 1,6%-ке қымбаттады. Бұған импорттық құрылыс заттары бағасының өсуі әсер етті. Жалпы биыл елде 275 мың баспана сатылды.
Ақерке Бектас