Ал 15 млрд теңге үнемделген. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген мемлекеттік органдарды атады. Олар Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Қаржы мен Төтенше жағдайлар министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы. Ірі соманы игермеуге конкурстық рәсімдер, шарт жасасуды ұзаққа созу мен төлем құжаттарын ұзақ мақұлдауы, атқарылған жұмыстың есебін ұсынбау және сот талқылауы себеп болған.
Ал жергілікті бюджеттегі 54 млрд теңгені Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысында игерілмеді.
Ақерке Бектас