Көкшетауда бір әйел жалған ПТР анықтамамен санитарлық бекеттен өтпек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда бір әйел жалған ПТР анықтамамен санитарлық бекеттен өтпек болды

10.12.2020

Көкшетауда жалған ПТР анықтамасы бойынша санитарлық бекеттен өтпек болған әйел анықталды. Қағазда мөр де, штрих-код та болмаған. Анықтаманы өзі істеп алған сыңайлы. Енді ол әйел санитарлық талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Хаттама толтырылды.

Көкшетаудың айналасына санитарлық бекеттер қойылғалы 137 заңбұзушылық тіркелді. Дегенмен олар карантиндік шектеулерге байланысты емес, өзге әкімшілік құқықбұзушылықтар.

Ермек Елберген

коронавирус ПТР Көкшетау

Хабарламаларға жазылу