Шағын және орта бизнеске жасалған жеңілдіктің салдарынан елорда бюжетіне 47 млрд теңге түспей қалуы мүмкін. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жыл басында 10 млрд теңгеден аса корпоративтік табыс салығы төленуі тиіс еді. Бұл да бюджетке түспеуі мүмкін. Шағын және орта кәсіпке жеңілдік қарастыру үшін биыл 31 млрд теңге бөлінген. Ал бизнес өкілдері 16 млрд теңге табыс салығынан босатылған. Әкім кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері жалғаса берсе, келер жылы бюджетке 12 млрд теңге түспейтінін айтады.
Ақерке Бектас