Микроқаржы ұйымдарына талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микроқаржы ұйымдарына талап күшейеді

09.12.2020

Енді несиенің пайыздық мөлшерлемесін жасырын көтеріп, халықты алдайтын қаржы ұйымдарына тосқауыл қойылмақ. Заң жобасын Мәжіліс бүгін бірінші оқылымда мақұлдады. Бұдан былай микроқаржы ұйымдары келісімшарттың бірінші бетіне несиенің жалпы сомасын, негізгі қарызға қосып төлейтін ақша көлемін және кредиттің өтеу кестесін жазуға міндетті. Бірінші несие бюросының мәліметінше, 170 мың кәсіпкер, 800 мыңнан аса жеке тұлға микроқаржы ұйымдарына қарыз.   

Ақерке Бектас  


Микроқаржы ұйым несие Мәжіліс

Хабарламаларға жазылу