Атырауда жұмысшылар Теңіз мұнай кенішіне жалған ПТР қорытындысымен кірмек болған. Енді заңсыз әрекетке барғандарды құзырлы органдар егжей-тегжейлі тексереді. Талап бойынша, вахталық ауысымға келген қызметкерде ПТР тесттің қорытындысы міндетті түрде болуы тиіс. Кеніште жағдай күннен-күнге ушығып барады. Өткен тәулікте кәсіпорындағы тағы 20 адам вирусқа шалдықты. Зауыт аумағындағы стационарда 170-тен астам науқас емделіп жатыр. Көбінде ауру симптомсыз өтуде. Кен орнында барлығы 33 мыңға жуық жұмысшы бар.
Рзабек Артығалиев, «Теңізшевройл» ЖШС Үкімет және жұртшылық пен байланыс бөлімінің бас менеджері:
Жақында Теңіздегілердің денсаулығына қауіп төндіретіндей жағдайлар анықталды. Кей ұйымдардың қызметкерлері санитариялық посттардан ПТР сынаманың жалған анықтамасымен өтпек болған. Тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарлама жіберілді. Ресми түрде тергеу жүргізілуі тиіс.
Жандос Темірғали