Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 2 есе азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 2 есе азаяды

09.12.2020
Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 2 есе азаяды

Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 10 желтоқсаннан бастап тұрақты рейстер санын аптасына 20-дан 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.  

Сонымен қатар, вице-министр шетелден келген жолаушылар ішінде вирусты жұқтыру дерегіне қатысты мәліметтерге тоқталды.

«Күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау ҚР сыртқы шекараларында сақталуда. 9 желтоқсанға сәйкес шекарада КВИ оң нәтижелі 635 адам анықталды. Халықаралық әуе рейстерімен 119 918 жолаушылар ұшып келді, олардың ішінде анықтамасыз ұшып келген 66 адамнан COVID-19 анықталды», - деді бас мемлекеттік санитар дәрігер.


Түркия Қазақстан әуе рейстері

Хабарламаларға жазылу