Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 10 желтоқсаннан бастап тұрақты рейстер санын аптасына 20-дан 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.
Сонымен қатар, вице-министр шетелден келген жолаушылар ішінде вирусты жұқтыру дерегіне қатысты мәліметтерге тоқталды.
«Күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау ҚР сыртқы шекараларында сақталуда. 9 желтоқсанға сәйкес шекарада КВИ оң нәтижелі 635 адам анықталды. Халықаралық әуе рейстерімен 119 918 жолаушылар ұшып келді, олардың ішінде анықтамасыз ұшып келген 66 адамнан COVID-19 анықталды», - деді бас мемлекеттік санитар дәрігер.