Қазақстан қор биржасында шетел валютасымен жасалған сауда-саттық 12%-ке азайып, 1,5 трлн теңгеге қысқарған. KASE ресми өкілдерінің айтуынша, доллармен сауданың көлемі 10 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ал рубльге керісінше сұраныс 23, еуроға 45 процентке дейін артқан. Бұған ЕАЭО-тың өзара саудада «ұлттық валютамен есеп айырысуды көбейту туралы» талабы әсер етіп отыр. Ал теңгенің бүгінгі бағамына тоқталсақ. АҚШ ақшасы 45 тиынға арзандап, 421 теңгеге теңесті. Еуро 509, рубль 5,71 теңге шамасында.
Ақерке Бектас