21 мыңнан аса азаматтың 54 млн теңгеден аса салық өсімпұлы кешірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 мыңнан аса азаматтың 54 млн теңгеден аса салық өсімпұлы кешірілді

08.12.2020

Маңғыстау облысында 21 мыңнан аса азаматтың 54 млн теңгеден аса салық өсімпұлы кешірілді. Жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы арқылы тұрғындар 323 млн теңгеден аса негізгі қарызды төлеп, шығынды азайтты. 11 мың адам көлік салығын өтеп, олардың 52 млн теңгеден аса өсімпұлы есептен шығарылды.

Мүлік салығын төлеген 6800 адам 18 млн теңге қарыз қайтарған. Бұл азаматтардың 2 млн теңгеге жуық өсімпұлы кешірілді. 3 мыңнан аса адам жер салығын төлеп, 386 мың теңге қосымша шығыннан құтылды. Салық амнистиясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өсімпұл салықтың негізгі сомасын төлеген соң, автоматты есептен шығарылады.  

Ақерке Бектас  


салық өсімпұлы Маңғыстау облысы

Хабарламаларға жазылу