Енді кеденнен өтетін көлікті «Silk Way monitoring» серіктестігі бақылайды. Біздің ел арқылы өтетін тауар тиелген әрбір көлікке электронды навигациялық пломба қойылмақ. Себебі былтыр 60 мыңға жуық жүк тасымалдаушы қосымша құн салығын төлемеген. Ал «транзитпен кетеміз» деген 11 мың көлік ел аумағында қалып қойған. Соның кесірінен бюджетке 25 млрд теңге түспей қалды. Енді электронды бақылау автомобильдің бағытын тексеріп, тіркеп, салықтан жалтарғандарды анықтайды.
Ақерке Бектас