Елбасы Сума Чакрабартимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Сума Чакрабартимен кездесті

08.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Онда еліміздің жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайындағы экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Қазір әлем жұртшылығы қиын жағдайды бастан өткеруде. Экономика 3-4 пайызға төмендейді деп болжанып отыр, – деді Тұңғыш Президент. Сума Чакрабарти әлемдік экономиканың қалпына келуіне және алдағы перспективаларына қатысты болжамдар туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар ол тәуелсіз Қазақстанды құру және дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады.  

Сума Чакрабарти, Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары:  
- Еуропа қайта құру және даму банкін басқарған кездегі біздің бірлескен жұмысымызды жылы сезіммен еске аламын. Біз Сіздің елмен тығыз қарым-қатынаста болдық. Қазақстан берік ынтымақтастық орнатқан алғашқы бес мемлекеттің қатарына кірді. Бұл Сіздің белсене атсалысуыңыздың арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы қажыр-қайратыңызға тамсана қараймын.  

Асима Нұрбайқызы  


Елбасы Сума Чакрабарти

Хабарламаларға жазылу