Ақмола облысы коронавирус бойынша «сары аймаққа» енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы коронавирус бойынша «сары аймаққа» енді

08.12.2020

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бойынша «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы «сары деңгейге» ауысты. Себебі ауруға шалдыққандар азайған. Өткен аптада өңірде күніне орта есеппен 80-90 науқас тіркелді. Ал кеше Соvid-19 60 адамда анықталған. Дегенмен мамандар босаңсуға болмайды дейді. Облыстағы карантиндік шектеулер сақталады. Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы санитарлық бекеттер де жұмысын жалғастыра береді.  

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу