Қостанайда жүк вагондарының уақытында жөнелтілмеуінен кәсіпкерлер шығынға батып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жүк вагондарының уақытында жөнелтілмеуінен кәсіпкерлер шығынға батып отыр

08.12.2020

Қостанайда жүк вагондарының уақытында жөнелтілмеуінен өндірушілер шығынға батып отыр. Осылай деп аймақтағы кәсіпкерлер палатасына 45 фирманың өкілі шағымданған. Бұған вагондарды тіркеп-құрастырушы жалғыз мекеменің өз міндетін атқаруға қауқарсыздығы себеп. Ал басқа компаниялар осы жұмысқа рұқсат ала алмай жүр. Себебі вагондарды тіркеуге рұқсат беретін «ЦТС» акционерлік қоғамы бұл процесті тым қиындатып жіберген. Өтінімдерге араға ай салып жауап береді. 14 түрлі құжат сұрайды. Оның дайындап жіберген күннің өзінде рұқсатын бірден бере қоймайды. Созбаққа салып жүріп алады. Яғни, бұл салада шынайы бәсекелестіктің жолы кесіліп, оның соңы бизнестің шаш-етектен шығынға батуына соқтырып отыр. 

Самат Сәдуақасов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ҚОФ директорының орынбасары:
Аударма: Рұқсат беруші акционерлік қоғамға барлық операторларға бірдей жағдайға туғызуға кеңес береміз. Қажетті құжаттардың тізімі, қаралу мерзімі нақты белгіленуі тиіс. Және бұл ақпарат көпшілікке қолжетімді болуы керек. 

Дәуренбек Әбдібек

Қостанай

Хабарламаларға жазылу