Ақтөбеде мас күйінде тұрғындарға тиіскен әкімдік қызметкері жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мас күйінде тұрғындарға тиіскен әкімдік қызметкері жұмыстан қуылды

08.12.2020

Мас күйінде тұрғындарға тиіскен ауыл әкімдігінің есепшісі жұмыстан қуылды.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбе облысы Кенқияқ ауылы әкімдігі қызметкерінің дөрекілігін тұрғындардың бірі бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Оның әйел адамға ұрсып, бейәдеп сөз айтқан сәттері жазылып қалған. Тіпті, өзі ренжіткен әйелдің қызын ұрмақшы боп ұмтылған сәтін де көруге болады. Мас маманның жұмыстан босатылғанын аудан әкімінің өзі растады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу