Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ, ШҚО, Атырау, Ақмола және Қостанай облыстары коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша «сары аймаққа» түсті. Яғни, осы қалалар мен облыстарда індет өршіп кетеді деген қауіп бар.
Ақмола мен Қостанай облыстары аурулардың саны артып, жағдай ушығып бара жатыр дегенді білдіретін «қызыл зонаға» түсті.
Осы аталғандардан басқа қалалар мен облыстар әзірге «жасыл аймақта». Осы көрсеткіштер негізінде Қазақстан Республикасы тұтастай алғанда «жасыл зонада» тұр.