ОСК «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді

07.12.2020

Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді. Мәжіліс депутаттары сайлауына аталған партиядан 113 үміткер қатысады. Оның 36,3 пайызы яғни 41 адам 29-ға толмаған жастар мен әйелдер. Бастапқыда партия 114 кандидаттан құралған тізімін ұсынған. Алайда кейін бір үміткер сайлау додасынан өз еркімен бас тартты.     

Асылбек Смағұлов, ҚР ОСК мүшесі: 
-Орталық сайлау комиссиясына Қайыржановтан өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып алу туралы өтініші келіп түсті. Мұндай жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығарып тастау туралы шешім қабылдайды.      

Ләйлә Дулатқызы  


ОСК Қазақстан халық партиясы

Хабарламаларға жазылу