Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар әлі табылмады

07.12.2020

Жаңаөзен қаласында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар әлі іздестілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен бейсенбіде кешкі 7-лер шамасында Сбербанк бөлімшесі алдында болды. Қарақшылар инкассатор көлігіне шабуыл жасап, ондағы 65 млн теңге, 20 мың доллар, 500 мыңдай Ресей рублін ұрлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, қылмыстық топтың құрамында 4 адам болған. Инкассатор жүргізушісі қарақшылар отырған Nexia көлігіне 5 рет оқ атқан. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерді.

Аягөз Оралбайқызы


Жаңаөзен инкассатор шабуыл

Хабарламаларға жазылу