Бурабайда 28 жастағы жігіт 70 жастағы әжені қосқанда, 4 әйелді қинап өлтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда 28 жастағы жігіт 70 жастағы әжені қосқанда, 4 әйелді қинап өлтірген

07.12.2020

Бурабай кентінде 28 жастағы ер адам 4 әйелді қинап өлтірді. Қанды оқиға өткен сенбі күні түнде көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға күдіктінің өзі хабарласып, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 4 әйелдің денесін тапты. Ішімдікке тойып алған күдікті полицейлерді сол пәтерде күткен. Көз жұмғандардың бірі 70 жастағы пәтер иесі, сондай-ақ, оның 41 жасар қызы мен 2 көршісі бар. Қылмыстың себебі, қалай болғаны жарияланбай отыр. 

Гүлнәр Пинчук Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұл қылмыс бойынша Бурабай кентінің 28 жасар тұрғыны ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-ыншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан өзге ақпарат әзірше жарияланбайды.  

Ермек Елберген

Бурабай полиция

Хабарламаларға жазылу