Қазақстан «Орталық Азия саудаға дайын» жобасына қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «Орталық Азия саудаға дайын» жобасына қатысып жатыр

07.12.2020

Қазақстан Еуропалық одақтың қаржыландыруымен өтетін 4 жылдық жобаға қатысып жатыр. Бастама «Орталық Азия саудаға дайын» деп аталады. Халықаралық сауда орталығы еліміздің осы саладағы нәтижелерімен бөлісіп, онлайн жиын өткізді. Аталған жобаға бізден бөлек, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысуда. Бәріне бірдей 4 бағыт бойынша бағдарлама бекітілген. Оның алғашқысы - сыртқы саудадағы кедергілерді болдырмау. Яғни, әріптестікпен қатар бәсекелестік кезінде де ішкі нарықты қорғай білу маңызды. 

Сондай-ақ енді кәсіпкерлерге тіркеусіз-ақ сауда рәсімдерін жүргізетін портал жұмыс істейді. Үшінші - сыртқы сауда бойынша оқыту әрі тәлімгер дайындау. Мұны мойындалған экспортшылар қолға алады. Тағы шағын-орта бизнеспен айналысушыларды электронды коммерция арқылы ілгерлету көзделіп отыр.

Нұрлан Құлбатыров, «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары:
Экспортерларға сауда және интеграция министрлігі сервистік қызметтер атқаратын болса оған қосымша халықаралық сауда орталығының инструменттері қолданылады. 

Былтыр Орталық Азия бойынша сауда айналымы 5,3 млрд доллар болды. Соның 65 пайызы Қазақстан-Өзбекстан арасындағы алыс-беріске тиесілі. Осы қарқынды бәсеңдетпеуге халықаралық сауда орталығының септігі зор. Өйткені әр елде өкілдігі бар.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу