Қазақстанда порнографиялық материалдарды жариялаған 1,5 мыңнан астам сайт бұғатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда порнографиялық материалдарды жариялаған 1,5 мыңнан астам сайт бұғатталды

07.12.2020

Елімізде жыл басынан порнографиялық материалдар тарататын мың жарымнан астам сайт бұғатталды. Тағы 500-дей интернет-ресурсын тексеру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбына арналған онлайн-брифингте айтылды. 

Барлық ғаламтор өнімдері шет елдерде жасалған. «Соңғы 3 жылда Қазақстанда мұндай сайт жасақтау фактісі тіркелген жоқ», - дейді Кибер қылмыспен күрес орталығының өкілдері. 

Ішкі істер министрлігі баланың денсаулығы мен психикасының дамуына кері әсер ететін интернет ресурстарын анықтау мен бұғаттау шараларын кешінді жүргізетін болады. Айта кетерлігі, жыл басынан кәмелетке толмағандарға жыныстық тұрғыдан жасалған 821 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу