Осы аптада Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

06.12.2020

Ресми хроника: Бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Президент Қ.Тоқаевпен бірге ұйымға мүше мына елдердің – Ресей, Беларусь, Тәжікстанның президенттері, Армения премьер-министрі, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы қатысты. 

Әрине, тақырып - халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері. Таулы Қарабақ соғысы да сөз болды. Қазақстан Президенті, цитата:

– Ресей тарапының белсенді қатысуымен қол жеткізілген келісім – дағдарыс кезінде қабылданған жалғыз әрі дұрыс шешім. Менің ойымша, аталған келісім өңірде бейбітшіліктің ұзақ мерзімге орнауына себепші болмақ. Бұл – шын мәнінде тарихи шешім, – деді.

 Әсима Нұрбайқызы әңгімелейді.


Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессия Бейнеконференция

Хабарламаларға жазылу