Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 1,5 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 1,5 миллионнан асты

04.12.2020

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден өзінің инаугурациясынан кейін барлық америкалықтарға 100 күн бойы маска тағу туралы өтініш айтпақ. Сондағы мақсаты – коронавирустың таралуын тоқтату. 

Бұған қоса, Байден федералдық үкіметтің ғимараттарында бетпердемен жүруді міндеттейтін қаулы шығаруға уәде берді. Айта кетсек, әлемде «ковидтан» қайтыс болғандар 1 жарым миллионға жетсе, Америкада бұл инфекцияны жұқтырғандар 14 миллионнан асып кетті. 

Ал Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті түрде еккізу науқаны басталды. Сол үшін алдағы бірнеше күнде 92 пайызға тиімділігін дәлелдеген Sputnik V препаратының 2 миллион данасы өндіріледі. 

Ресейде COVID-19-ды соңғы тәулікте 27 мыңнан астам тұрғын жұқтырған.

Оңтүстік Кореяда мұндай диагноз соңғы 24 сағатта 630-ға жуық адамға қойылды. Бұл – соңғы 9 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты елде Рождество және Жаңа жыл мерекелерін тойламауға кеңес беріліп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу