ҚХП өкілдері «Өмір сыйла» акциясы аясында қан тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХП өкілдері «Өмір сыйла» акциясы аясында қан тапсырды

04.12.2020

Қазақстан халық партиясының өкілдері «Өмір сыйла» атты акция аясында донорлық орталыққа арнайы барып қан тапсырды. Еріктілер күніне орай Алматыда ұйымдастырылған игі шара бүгінгідей күрделі кезеңде қан қорын көбейтуді мақсат тұтқан. Донор болуға ниеттілер толықтай медициналық тексеруден өтті. «Жыл сайын ұйымдастырылатын акцияға барша қазақстандықты шақырамыз», - дейді белсенділер.

Гүлдана Нұрпейісова, ҚХП Алматы филиалы Мәдени мұра және ардагерлер комиссиясының төрайымы:
Қазір қанның қорын көбейту керек. Тапсырған қанның арқасында біреудің мүмкін өмірін сақтап қаламыз. 

Нұрхан Нұрланұлы

Қазақстан халық партиясы донор

Хабарламаларға жазылу