2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды

04.12.2020
2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жарияланды. 

Аталған Заңға сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге; зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге; жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 7 пайызға өседі.  Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 


зейнетақы жалақы 2021 жыл

Хабарламаларға жазылу