ОПЕК+келісімі: Қазақстан 2021 жылы қаңтарда тәулігіне 1,417 млн баррель мұнай өндіреді

04.12.2020
ОПЕК+келісімі: Қазақстан 2021 жылы қаңтарда тәулігіне 1,417 млн баррель мұнай өндіреді

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«3 желтоқсанда видеоконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің кездесуі өтті. ОПЕК+ кездесуінде Қазақстан тарапын Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев таныстырды. Ноғаевтың айтуынша, ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізеді, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтап, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын тұрақтандырады», - деп хабарлаған баспасөз қызметі.

Осылайша, кездесудің қорытындысы бойынша, 2021 жылдың қаңтар айында мұнай ұсынысын ОПЕК+ елдерінің жалпы өндіру көлемінен тәулігіне 500 мың.баррельге арттыру туралы шешім қабылданды. 

  «ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн. баррельді құрайды.Қазақстан үшін шектеу деңгейі 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 1,417 млн. баррельді құрайды», - деп хабарлайды дереккөз.  

  Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қатысушы елдер мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайды бақылау және бұдан әрі шектеудің деңгейін анықтау үшін министрліктердің кездесуін ай сайын өткізіп отырамыз деп келіскен.  


мұнай мұнай бағасы Нұрлан Ноғаев

Хабарламаларға жазылу