Ұлттық валюта қайта нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық валюта қайта нығайып келеді

03.12.2020

Бүгін төл ақшамыз долларға шаққанда үш теңгедей қымбаттады. Қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. АҚШ ақшасы – 422; Еуро - 513; Рубль – 5 теңге 60 тиынға тең.  

Бағамның сәл құбылуына қара алтынның қымбаттауы себеп. Америкада мұнай қорының азайғаны туралы хабарлама бағаның өсуіне әсер еткен. Осылайша баррелі 48 доллардан сатылып жатқан брент маркалы мұнайдың құны шамамен екі пайызға өсіп отыр.

Досжан Маратұлы 


Ұлттық валюта

Хабарламаларға жазылу