Шымкентте құдалық жасап, құмар ойын ойнағандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте құдалық жасап, құмар ойын ойнағандар анықталды

03.12.2020

Шымкенттік полицейлер 40 шақты адамның басын қосып құдалық өткізіп жатқандардың үстінен түсті. Мобильді топты көріп қараңғы бөлмеге тығылған олар есікті ішінен жауып алуға тырысқан. 

Полицейлердің «Дильназ» дәмханасының есігін күшпен ашуына тура келді. Мына кадрлардан тәртіп сақшылары ішке кірген бойда тойға жиналған қонақтар беттерін көлегейлеп, бейнекамераға түспеуге тырысып жатқанын көруге болады. Тап осындай жағдай «Коно» қонақ үйінің мейрамханасында да қайталанды.

Тойға жиналған жұрт полицейлердің ескертуінен кейін үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. Сондай-ақ шаһардағы «Loto club» ойынханасының да карантин тәртібіне бағынбай жұмыс істеп жатқаны анықталды. Мұнда есік терезені қараңғылап жауып алған бірнеше адам жасырынып ойын ойнап отырған. Жалпы карантин режимі енгізілгелі Шымкент қаласында 1 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.

Ғани Қалмаханов 


Шымкент құдалық карантин

Хабарламаларға жазылу