Шығыс Қазақстанда сауда үйлеріне, спорттық нысандар мен моншаларға сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат берілді. Өйткені, өңір қызыл аймақтан шығып, сары аймаққа өтті. Соңғы екі аптадан бері өңірде коронавирустың таралуы азая бастаған. Бұған облыста құрылған оқшаулау орталығының септігі тиді дейді мамандар. Себебі орталық арқылы вирустың жұқтыру тізбегін бақылау және таралуына тосқауыл қою жүйесі жасалған. Карантиндік шектеулер жеңілдегенімен, сақтық шаралары әлі де сақталады. Таяуда карантин мерзімі 17 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Берік Көшербай