Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция заңнамаға енгізіліп жатыр. Түзету Каспий маңындағы елдерге теңіз суын – оның экологиясына зиян келтірмей пайдалану үшін енгізілмек. Каспий маңындағы мемлекеттер арасында кеме қатынасы, жер қойнауын пайдалануға су асты кабельдері мен құбырларды қою құқығы бар. Сондықтан құжат теңізді қорғауға қатысты мәселені реттейді. Арада қандай да бір қайшылық туындамауын қадағалайды. Заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.
Ақерке Бектас