Тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасы талқылауға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасы талқылауға шығарылды

02.12.2020

Баспанаға кезектің тізімі енді азаматтың әлеуметтік санаты емес, нақты табыс көлемін есептей келе жасалады. Ол бірыңғай мәліметтер базасында реттеледі. Отбасындағы әр адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі яғни 32 700 теңгеге жетсе, оларға жалдамалы пәтер беріледі. Ал отбасының әр мүшесі айына 65 300 теңгеден алса, жылдық 2%-бен жеңілдетілген несие беріледі. Бұл «2-10-20», «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы іске асады. Табыс 101 300 теңгеге жетсе, «5-10-20» бағдарламасымен үй алуға болады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кезекте тұрғандарға бірыңғай электрондық база арқылы тұрғын үй бөледі. Мұндай база ең алдымен баспана кезегін әділ реттеу үшін жасалып отыр.  

Ақерке Бектас  


Тұрғын үй реформа Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Хабарламаларға жазылу