Елде сүт өнімдерінің бағасы шарықтап барады. Сары майдың бағасы биыл 14%-ке қымбаттап, қазір келісі 2700 теңгеден саудаланып жатыр. Ал ірімшік 12%-ке, сүттің бағасы 11%-ке бір-ақ көтерілген. Сауда кәсіпорны қауымдастығы баға тағы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін дейді.
Бұған Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясы аясында сүт өнімдерін таңбалау себеп. Мамандар бір компанияның таңбалауға кететін шығыны 9 млн теңге деп есептеген. Қауымдастық өкілдері бұл «коронадағдарыс» кезінде бизнеске де, халықтың қалтасына да салмақ түсіретінін айтады. Таңбалауға қатысты пилоттық жоба елде қазанда басталған. Сәуірге дейін жалғасуы мүмкін.
Ақерке Бектас