Пандемия басылған жағдайда Түркістандағы халықаралық әуежайдан Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер қатынайтын болады. Кеше «Әзірет Сұлтан» әуежайына елордадан келіп қонған алғашқы ұшақпен 180 жолаушы жетті. Алдағы уақытта Түркістаннан Нұр-Сұлтанға аптасына 6 рейс, Алматыға 4 рейс қатынамақ. Еліміздің өзге облыс орталықтары мен халықаралық бағыттар бойынша Ыстамбұл, Дубайғада рейстер ашу жоспарланған. Осылайша халықаралық әуежай сағатына 450 жолаушыны қабылдап, жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.
Талғат Ластаев, ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:Түркістанның әуежайына «Ашық аспан» деген режим енгізілді.
Айнұр Ақбаева